Одессадағы ахуал қандай – Украина

Украинаның оңтүстігіндегі Одесса қаласы Ресей әскерінің шабуылына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте халық толы қала көшелері адам қарасы азайып, қаңырап қалған. Шаһардың әр тұсынан құм толған қаптармен үйілген қорғаныс шептерін көруге болды.  Тұрғындардың көбі шаһарда қалып, әскерге көмектесуді шешкен. Ал Ұлыбритания барлауы Қырымнан бет алған Ресей күштері Николаев қаласын айналып өтіп, Одессаға ұмтылуға күш салып жатқанын айтады.

Дмитрий Касаб, тұрғын:

– Алғашқы күні қатты толқыдым. Бас аспазшы болып жұмыс істегендіктен, бос отырмай әскерилер мен тұрғындарға қолдан келгенше көмектесуді шештім. Содан бірнеше ас үйін ұйымдастырып, қазір күн сайын мұқтаж адамдарға тамақ таратумен айналысамыз.