Байден байларға салық енгізбек

Байден байларға салық енгізбек

АҚШ президенті Джо Байден байларға салық салуды ұсынды.

Бұл туралы американдық ақпарат құралдары хабарлады.

Ақ үй әзірлеген құжатқа сәйкес, дәулеті 100 миллион доллардан асатын тұлғалар қазынаға 20 процент мөлшерінде салық төлеуі тиіс. Байден әкімшілігі салықтың бұл түрін 2023 жылға арналған бюджет аясында ұсынбақ.