Израильде кейінгі екі аптада төртінші лаңкестік әрекет жасалды

Израильде кейінгі екі аптада төртінші лаңкестік әрекет жасалды
aif.ru

Израильдің Хадера қаласында атыс болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы он тұрғын жарақат алған. Арнайы операция кезінде 2 қаскөйдің көзі жойылды. Полицейлер оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалап отыр. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.

Айта кеткен жөн, Хадерадағы бұл оқиға – Израильде кейінгі екі аптада жасалған осымен төртінші лаңкестік шабуыл.