Ресейліктерге Facebook және Instagram желілерін қолдануға рұқсат етілді

Ресей тұрғындарына Facebook және Instagram-ды заңды мақсатта қолдануға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу қаласының аудандық соты осындай үкім шығарды.

Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желілерге иелік ететін Meta компаниясы Ресейде экстремистік ұйым деп танылған. Қаулыда ол азаматтардың құқығын бұзып, елдің конституциялық құрылымына қатер тудырады деп жазылған. 

Сондай-ақ...