Британияда пластик шығаратын компанияларға салық салынады

Британияда пластик шығаратын компанияларға салық салынады

Ұлыбританияда пластик шығаратын және импорттайтын компанияларға салық салынады.

Бұл тауарларының құрамындағы қайта өнделген пластмассаның үлесі 30 процентке жетпейтін компанияларға қатысты шара. 1 сәуірден бастап олар бір тонна үшін 200 фунт стерлинг салық төлейді. Бұл теңгеге шаққанда 120 мыңнан асады. Сарапшылар осы арқылы компанияларды пластикті аз қолдануға ынталандыруға болатынын айтады.