БҰҰ: Қарулы қақтығыстан 1276 адам қаза тапты

БҰҰ: Қарулы қақтығыстан 1276 адам қаза тапты
Українська правда

Украина аумағында қарулы қақтығыс басталғалы 1276 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2 мыңға жуық тұрғын жарақат алған. Бұл Біріккен Ұлттар ұйымы ұсынған мәлімет. Ұйымның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының хабарлауынша, марқұмдардың 115-і бала. Десе де мамандар құрбандардың саны ресми деректерге қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Мәселен, атыс-шабыс үдеп тұрған өңірлермен хабар алмасу қиынға соғуда. Қазір әсіресе Мариуполь, Волноваха, Изюм, Ирпень мен Попасная аймақтарындағы ахуал қиын. БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі Украинадағы шиеленісте әскери қылмыстар мен халықаралық гуманитарлық құқықтардың бұзылуын тергеу үшін арнайы комиссия құрғанын мәлім етті. Оның тәуелсіз мүшелері де тағайындалды. Олар уәгерлерден сұхбат алып, болашақ сот процестерінде пайдалануға болатын дәлелдемелерді жинақтайды. Әзірге комиссияның жұмыс істеу мерзімі бір жыл деп белгіленді.