Түркия мен Өзбекстан әскери салада келісім жасасты

Түркия мен Өзбекстан әскери салада келісім жасасты
UzDaily.uz

Стратегиялық серіктестер - Түркия мен Өзбекстан 10 мемлекетаралық құжатқа қол қойып, әскери салада шекті келісім жасасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанға сапарында әріптесі Шавкат Мирзиёевпен осындай келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ президенттер Ташкент облысының Қыбрай ауданында жаңа жылу электр орталығын іске қосты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Сырдария облысында жаңа станция да пайдалануға берілмек. Кәсіпорын газ генерациясына негізделіп, түрік технологиясы арқылы салынады. Ал Өзбекстан Түркияның теңіз порттарына шығу жайын қарастырмақ.

Айта кетейік, кейінгі кезде Түркияның Орталық Азия елдерімен әріптестігі қызу талқыланып келеді.