Локдаунға жабылған Шанхайға Ухань дәрігерлері барды

Коронавирус індеті өршіген Шанхайға Ухань қаласынан арнайы бригада ұшып барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы 50-ден астам медицина қызметкері келген. Бұған дейін Бейжің 10 мың дәрігер жіберген еді. Қазір мегаполис тұрғындары жаппай тестілеуден өткізіліп жатыр. Кемінде 26 миллион адамнан сынақ алынады деп жоспарланған. Соңғы күндері бірнеше нысан инфекцияның симптомсыз түріне шалдыққан науқастарды оқшаулау орталықтарына айналдырылды. Жаңа есеп бойынша, шаһарда ковид жұқтырғандар саны 13 мыңнан асқан. Көбі – симптомсыз.