4,4 млн адам Украинадан кетіп қалған

Украинада соғыс басталғалы 4 миллион 400 мың адам шекара асып, шетелге өтті.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының мәліметі осындай. Тек кейінгі бір күннің өзінде 60 мыңға жуық адам Украинадан шығып кеткен. Жалпы дерекке қарағанда Украинада әскери қимылдардан 11 миллионнан аса адам босқынға айналды. Бұл Украина халқының үштен бір бөлігіне жуық. Халықтың көбі ел ішіндегі қауіпсіз аудандарға көшкен.