Борис Джонсон аяқ астынан Украинаға барды

Ұлыбритания премьер-министрі күтпеген жерден Украинаға барды.

Борис Джонсон президент Владимир Зеленскиймен бетпе-бет сөйлесіп, Киевке қосымша 120 бронды техника, кеме ататын жаңа зымыран жүйесі мен "камикадзе" деп аталып кеткен дрон жіберуге уәде етті. Сондай-ақ Британия басшысы Кремльге қарсы санкцияларды күшейтетінін жеткізді. Зеленский өз кезегінде Батысты Ресейдің энергия ресурстарына толық эмбарго енгізуге шақырып, Британия еуропалық одақтастарының бәрін осы мәселеге жұмылдырады деп сенім білдірді. Қос мемлекет басшысы Киев көшелерін бірге жаяу аралап, тұрғындармен тілдесті.