Қытайда локдауннан азық-түлік тапшылығы пайда болды

Қытайда локдауннан азық-түлік тапшылығы пайда болды

26 млн халқы бар Шанхай қаласының тұрғындары екі апта бойы қатаң локдаунда отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері аймақта індет жұқтырғандардың тәуліктік саны 20 мыңнан асады. Осыған байланысты өңірде уақытша ауруханалар ашыла бастаған. Жағдайдың ушығуына  байланысты тауар жеткізу жағы қиындап, теңіз порттарындағы жүк кемелері тұралап қалды.  Ал жергілікті тұрғындар болса азық-түлік тапшылығына шағымдана бастаған. Қазір онлайн тапсырыс берудің өзі қиынға соғуда. Сатушылар да бағаны көтермелеп жіберген. Мәселені шешу үшін жергілікті билік аймаққа 3 мың жұмысшы тартып отыр.  Әзірге сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, эпидахуалдың ушығуы ел экономикасына ауыр соққы болуы мүмкін. Мамандар аурудың таралуы мамырда ғана бәсеңдеуі мүмкін деп топшылайды.