ОАР-да су тасқынынан 45 адам қаза тапты

ОАР-да су тасқынынан 45 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында бірнеше күн төпелеп жауған жауын тасқынға ұласты.

Табиғат апатынан 45 адам қаза тапты. Қазір аймақтағы тас жолдар мен кемежайлар жабық тұр.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқару жұмыстарына әскерилер мен ондаған әуе көлігі тартылған. Мыңдаған адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Апаттан Африканың ірі жүк терминалы Дурбан порты су астында қалды. Ондаған ғимарат қирап, электр желілері үзілген. Кейбір жерлерде лай көшкіні басталды. Қазір құтқарушылар із-түзсіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр.

- Көшкін басталғанда үйімнің тас талқаны шықты. Балаларымды алып қашайын десем жолдар қирап жатыр. Бірнеше күн ұйқы көрген жоқпыз. Жағдайымыз өте ауыр.