Атыс-шабыстан 20 тілші қаза тапты – Украина

Атыс-шабыстан 20 тілші қаза тапты – Украина

Украинада қарулы-қақтығыс басталғалы әуе шабуылдарынан бұқаралық ақпарат құралдарының 20 қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл статистиканы Украинаның ұлттық журналистер одағы ұсынып отыр. Оның ішінде операторлар мен тілшілер де бар. Марқұмдардың арасында шет елдің БАҚ өкілдері де кездеседі. Мамандардың айтуынша, осыдан бір апта бұрын қара тізімде 18 тілші болған. Жуырда медиа саласындағы тағы екі маман көз жұмғаны белгілі болды.