Эквадор полициясы ірі есірткі партиясын қолға түсірді

Эквадор полициясы ірі есірткі партиясын қолға түсірді

Полиция қызметкерлері 3 тоннаға жуық кокаин есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер қара нарықта құны 90 миллион доллар болатын заңсыз жүкті Гуаякиль портынан тапты. Есірткі жеміс-жидек жәшіктерінің арасына жасырып салынған. Жүк Бельгияға апарыла жатқан. Іске қатысты бір күдікті ұсталды.

Айта кетейік, Эквадор әлемде ең ірі кокаин өндіруші Колумбия және Перумен шекараласды. Мәліметке қарағанда, жыл басынан Эквадор полициясы 70 тоннадай есірткі тәркілген.