Германияда такса тұқымдас итіне құрмет көрсетілді

Германияда такса тұқымдас итіне құрмет көрсетілді

Ал Германияның Мюнхен қаласында 1972 жылғы Олимпиада ойындарының символы болған такса тұқымдас итіне арналған ерекше шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атаулы күнге орай салпанқұлақтар арасында кедергілерден өту, сән көрсету және Олимпиада көлінің шетінде серуендеу сынды шаралар ұйымдастырылды. Айта кетейік, Вальди есімді такса 1972 жылы Мюнхен олимпиадасының тұмары ретінде өзінің аңшылық қасиеттері үшін таңдап алынған болатын. Сол жылдары такса Германияда ең танымал ит болған.