Украинаға 550 млрд доллар шығын келді – Зеленский

Ресейдің Украинаға қарсы әскери қимылдарынан 550 миллиард доллар шығын келген. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, ел экономикасына келтірілген шығынның орнын толтыру үшін Украинаға ай сайын 7 миллиард доллар қажет. Дүниежүзілік банк басшысы Дэвид Мэлпас әскери қимылдардан қираған ғимараттар мен инфрақұрылымның құны 60 миллиард долларға жуықтайтынын айтады. Осы ретте Зеленский Ресейдің шетелде бұғатталған қаржысын соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге жұмсауды ұсынды. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Қазір бізге еліміздің экономикалық шығыннын өтеу үшін ай сайын 7 миллиард, ал соғыстан кейін елімізді қалпына келтіруге миллиардтаған доллар қажет. Ресей өзінің басқыншылық мақсатына жете алмайтынын түсіну үшін Украинаға жан-жақты қолдау керек.