АҚШ-та климат өзгерісіне қарсы әдіс табылды

АҚШ-та климат өзгерісіне қарсы әдіс табылды

Азық-түліктің жетіспеу себебі бір есептен құрғақшылыққа да байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалық ғалымдар осыны ескеріп, климат өзгерісіне қарсы тиімді әдіс ойлап тапты. Көпжылдық шөптің алып мискантус деп аталатын түрін өсіріп, күннің жылынуын 1 градусқа төмендетуге болатынын дәлелдеді. Зерттеуді Мэриленд университетінің ғалымдары жүргізген. Бұл өсімдіктің сабағы мен жасыл жапырақтары бамбукке ұқсас. Ең бастысы, аймақтағы температураның төмендеп, ылғалды көбейтеді. Оның үстіне, жаңбыр шақыратын қасиеті де бар секілді.