Венесуэлада тасқыннан мыңдаған адам баспанасыз қалды 

Венесуэлада тасқыннан мыңдаған адам баспанасыз қалды 

Венесуэланың солтүстігі су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан Сулия штатында бөгет қирап, бірнеше елді мекен топан су астында қалды. Салдарынан ірі қара мал қырылып, ауылшаруашылыққа арналған мыңдаған гектар жер телімі жарамсыз күйге айналды. Аймақтағы өзен мен көл арнасынан тасып жатыр. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, тасқыннан бір мың отбасы зардап шеккен.

Айта кетейік, Венесуэлада жауын-шашын маусымы сәуірдің 25-сі басталды. Әзірге апаттан адам шығыны мен жарақат алғандар жайлы ақпарат жоқ. Қазір қауіпті өңірлерде халық жарықсыз, сусыз отыр. Мыңдаған адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Құтқарушылар зардап шеккендерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуде. Еріктілер болса су бөгетін салу үшін мамандарға қол ұшын созып жатыр.