Ресей Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

Ресей орталық банкі рубль бағамының нығаюына байланысты пайыздық мөлшерлемені 3 процентке төмендетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық банк төрағасы Эльвира Набиуллинаның мәлімдеуінше, шара дағдарысқа қарсы қабылданған. Себебі соңғы аптада елде инфляция баяулады. Нәтижесінде рубль нығайып, 1 еуро 74 рубльге сатылуда. Мұндай жағдай соңғы 2 жылда тіркелмеген. Бірақ сарапшылар Орталық банктің бұл қадамы рубльдің еркін айналымдағы валюта екеніне күдік ұялатады – дейді. Еске сала кетейік, ақпан айында Ресей Орталық банкі санкцияларға байланысты пайыздық мөлшерлемені 20 процентке дейін көтерген болатын.