Ресей ұлттар лигасының жаңа маусымынан шеттетілді

Ресей ұлттар лигасының жаңа маусымынан шеттетілді

УЭФА Ресей құрамасын Ұлттар Лигасының жаңа маусымына қатысудан шеттетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропа Футбол қауымдастығы одағының мәлімдеуінше, Ресей командасы топтан шығарылып, соңғы 16-орынға түсіріледі. Содан кейін С дивизионына төмендетіледі. Айта кетейік, бұған дейін УЭФА Ресей фубол клубтарына 2022-2023 жылғы еурокубок турнирлеріне қатысудан шеттеткен. Шешімге байланысты еурокубок жарыстарына өзгерістер енгізіледі.