Қытайда үйінділер астынан тоғызыншы адам табылды

Қытайда үйінділер астынан тоғызыншы адам табылды

Қытайдың орталығында қираған ғимараттың астында тірі қалған тоғызыншы адамды тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өлім аузынан аман қалған азамат 5 тәулік бойы үйінділер астында жатқан. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға сәуірдің 29-ы орын алды. Құтқарушылар іздестіру операциясын жалғастырып жатыр. Ғимараттың тағы қирау қаупі тұрғандықтан құтқару жұмысы өте баяу жүруде. Мамандардың айтуынша, қирандылар астында әлі 23 адам болуы мүмкін. Бұған дейін үйінділер астынан әйел адамның табылғаны хабарланған еді.