Шанхайда коронавирус бәсеңдей бастады

Шанхайда коронавирустың беті аздап қайта бастады.

Өткен тәулікте қауіпті дерт 3 мыңнан астам адамнан анықталды. Оның 215-інде ауру белгілері байқалса, қалғаны симптомсыз. Жалпы осы Шанхай тұрғындары наурыз айынан бері қатаң локдаун режимінде өмір сүріп келеді. Және бұл шектеу мамырдың соңына дейін жалғаспақ. Қазір вирус бәсеңдеген соң ауыл, аймақтарда карантиндік шектеулер де біршама жеңілдетілген.