Канаданың Премьер-министрі Украинаға ескертпестен барды

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо Киевте үйеңкі жапырақты елдің елшілігін ашып, Ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Трюдо Ирпень қаласына да табан тіреп, Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік бағдарламасы бойынша Украинаға 25 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді. Сонымен қатар келесі жылдан бастап Киевтен келетін барлық импорттық тауарларға сауда тарифын алып тастайтынын жеткізді. Канада Премьер-министрі Ресейдің 40 азаматына санкция салатынын да жариялады. Қара тізімде олигархтар бар.

Джастин Трюдо, Канада Премьер-министрі:

– Еуропадағы Жеңіс күнінде біз бәріміз фашизмге қарсы жеңісті атып өтіп жатқанда, Владимир Путин осы соғыста бостандық үшін күресіп, қаза тапқан миллиондаған ресейліктердің рухына кір келтірді. Ол енді не айтса да, тарих Путиннің көптеген адамдар құрбан болған ең қастерлі құндылықтарға қарсы шыққанын мәңгі есте сақтап қалады. Путин сұмдық соғыс қылмыстарын жасап отыр, ол сол үшін жауап беруі тиіс. Канада әділдік іздеген Украина жағында. Ресей 73 күн бұрын басқыншылығын бастаған сәттен Канада мен канадалықтар тек сіздерді қолдап келеді.