Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруге жасаған қадамдары құпталады

Вашингтон Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына кіру үшін жасаған кез келген қадамын құп көреді. 

Бұндай мәлімдеме Ақ үйде жасалды.

Естеріңізге салайық, таяуда Ресейдің солтүстік батысындағы көршілері Солтүстік Атлантикалық альянс құрамына кіруге ықыласты екендерін айтқан. Кремль болса бұл бастаманы қатаң сынға алды. 

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- Финляндия мен Швеция АҚШ пен НАТО-ның қорғаныс саласындағы жақын серіктесі. Олармен ынтымақтастық орнату арқылы кез келген мәселені шешіп, бірлесе жұмыс істеудің амалын табатынымызға сенімдіміз. НАТО ол шабуыл одағы емес, қорғаныс одағы болып саналатынын ескерткім келеді.