«ArcelorMittal» компаниясының жұмысшылары шеруге шықты – Оңтүстік Африка

«ArcelorMittal» компаниясының жұмысшылары шеруге шықты – Оңтүстік Африка

«ArcelorMittal» компаниясының Оңтүстік Африкадағы жұмысшылары көтерілді. Олар жалақының аздығына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер жолды бетонмен жауып, дөңгелектерді өртеп жатыр. Бұл шуға қатысты кәсіподақ компания өкілдерімен келіссөз жүргізгенмен мәмілеге келе алмады. Кәсіподақтың талабы жалақыны 10%-ке өсіріп, тұрғын үй жәрдемақысы мен медициналық сақтандыру шығындарының 80%-ін төлеттіру. Ал осы шу басталысымен ArcelorMittal акцияларының құны 6 %-ке дейін құлдыраған.

Мараке Мокоэна, кран жүргізушісі:

Біз кәсіподақ мүшелері ретінде компания өкілдерінен жалақымызды өсіруді сұрап отырмыз. Бірақ компания 7%-ке ғана көтергісі келеді. Бұндай шешім бізді қанағаттырмайды. Біз еңбекақымыздың кемі 10%-ке өскенін қалаймыз. Себебі жанар-жағармайдың құны, азық-түліктің бағасы шарықтап тұр. Сондықтан біздің талабымыз орындалмаса, ереуілді жалғастыра береміз.