Ресейде орман өрті ырық берер емес

Қазір тілсіз жау көрші елдің 17 өңірінде өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Сібірдегі ахуал алаңдатарлық. Табиғат апатынан көз жұмғандар бар. Осы күнге дейін 20-ға жуық адамның қазасы расталды. 2 мың тұрғын баспанасыз қалды. Отты сөндіруге екпінді жел кедергі жасады. 2021 жыл Ресей үшін ең алапат орман өрті тіркелген жыл болды. Былтыр Сібір мен Қиыр Шығыста 17 млн гектар алқап күлге айналды. Керек десеңіз, оттың түтіні Солтүстік полюске дейін жеткен. Сарапшылар биыл көрші елде кезекті антирекорд орнатылуы мүмкін деп ескертеді.