Францияда ғаламшарды қорғауға арналған инновациялар көрмесі өтуде    

Парижде басталған стартаптар көрмесі экологиялық жағынан таза әрі озық өнімдерді көрсетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – экологияны жақсартуға бағытталған шешімдерді ұсынатын дүние жүзіндегі ең ірі саммит. Әлемді ластап жатқан пластиктің жартысы тамаққа қатысты заттар. Швейцариялық стартап қайта өңделген материалдан жасалып, бірнеше рет қолданылатын ыдыс ойлап тапқан. Қазір оны Еуропаның 2 жарым мың мейрамханасы тұтынады. Осылайша жылына 14 тонна пластикті үнемдеуге мүмкіндік туған.

Джанетт Морат, «Recircle» компаниясының негізін қалаушы:

– Біздің өнімге түрлі елден тапсырыс түсіп жатыр. Бірақ біз Еуропа елдерімен жұмыс істесек дейміз. Өйткені бұл бізге таныс нарық. Санитарлық нормалар мен заңдарды жақсы білеміз.

Жәндіктен әзірленген тамақтың да келешегі зор дейді мамандар. Мәселен, шегірткеден протеин жасауға су әдеттегіден 100 есе аз жұмсалады және 200 есе кем газ бөледі. Бұл істі голландтар қолға алған. 

Даниэла Ариас, «Sibö» компаниясының жетекшісі:

Біз негізі Коста-Риканың тумасымыз. Ол жақта жәндіктен ұнтақ жасайды. Біздің жобаға Коста-Рика үкіметі үлкен қызығушылық танытып отыр.

Ауаны ең қатты ластайтын өндіріс – сән саласы да өзгеріп жатыр. Жүзім мен кофеден кроссовка киіп, былғарыны  қолдан жасауға болады.

Лианн Троубридж, «The Sustainable Angle» компаниясының өкілі:

Саңырауқұлақты өндірісте қолдану трендке айналып келеді. Оны мата жасау ісінде пайдалануға арналған инновация көп қазір. Биологиялық синтетика да кеңінен танылып жатыр.

ChangeNow саммиті 2015 жылы осы Парижде өткен климат жөніндегі тарихи конференциядан кейін пайда болған. Сол кезде әлем көшбасшылары ғаламдық жылыну қарқынын 1 жарым градусқа тежеу міндетін қойған болатын. Жыл сайын жиналатын инноваторлардың да басты міндеті осы.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Әлия Сыздықова