Маймыл шешегі: Германия карантин жарияламақ

Маймыл шешегі: Германия карантин жарияламақ

Бұған аймақта маймыл шешек ауруының таралуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде дертті жұқтырған 6 науқас бар. Оның жартысы Берлин қаласында тіркелген. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, билік аурудың таралуын тоқату үшін тиісті шараларды қабылдауда. Германияға ауруға қарсы вакцина жеткізу мәселесі де пысықталып жатыр.

Карл Лаутербах, Германияның денсаулық сақтау министрі:

- Осы жолы маймыл шешек ауруының өршуі бұрынғыға қарағанда өзгеше. Індетке қарсы қабылдаған шаралар жылдам әрі нақты болу керек. Қазір біз ғалымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыстамыз.