Дауылда ұшатын дрон

Келешекте ұшатын көліктер пайда болып жатса оны дұрыс басқару маңызды. Яғни мұндай көліктің түрлі ауа райында бағыттан өзгеріп кетпеуін қадағалау керек. Біздің мақсатымыз осы технологияны дрондарға ғана емес өзге де ұшатын көліктерге қолдану.

Швециядағы электрлі жүк көлігі

Швецияда жергілікті компания жүргізушісіз қозғалатын электр жүк көлігін сынақтан өткізді. Бірегей электромобиль сынғыш қытай құмыраларынан жасалған лабиринтті жолмен еш қиындықсыз жүріп өтті. Салмағы 26 тонна болатын көлік қашықтан басқарылады. Әдеттегідей жүргізуші отыратын орын жоқ. Компания өкілдері электр автомобиль дизелді жүк көлігіне қарағанда тасымалдау шығынын 60 процентке азайтуға мүмкіндік береді деп отыр.

Роберт Фальк, EINRIDE компаниясының бас директоры:

- Қазір нарық осы бағытқа қарай көшіп жатыр. Бұл жерде электр маңызды. Себебі дизельмен жүретін автономды көлікті басқарудан электрлі платформаға негізделген көлікті басқару мүлдем өзгеше.

Алтыншы саусақ

Жапонияда ғалымдар роботталған алтыншы бармақ ойлап тапты. Кішкентай саусақтың жанына киілетін алтыншы бармақ білекке тағылатын 4 электрондық сезгіш құрылғы арқылы басқарылады. Ол бұлшық еттер арқылы берілетін электр сигналдарды өткізіп, алтыншы бармаққа жеткізіп тұрады.

Ёичи Мияваки, Электр коммуникация университетінің профессоры:

- Біз өз дене мүшелерімізді ми арқылы басқарамыз. Бірақ денемізде бөтен мүше пайда болса миымыз оған бейімделе ала ма деген сұрақ мазалап осыны зерттеуді қолға алған едік. 

Тамақ қалдықтарын өңдейтін 3D принтер

Испанияда зерттеушілер теңіз тағамы қалдықтарын керамикаға айналдыратын 3Д принтер жасап шығарды. Аппарат негізінен теңіз ұлуы қабыршығын өңдеуге арналған. Ұлу қабыршағы ұнтақталып, арнайы қоспа қосылады. Мұндай жолмен дайындалған керамиканы түрлі салада қолдануға болады, дейді мамандар.  

Игнасио Де Хуан-Креикс, ESTRUC24 компаниясының инновациялар бойынша директоры:

- Қоғамда ұлу сияқты теңіз тағамдары қалдықтары өте көп шығарылады. Мәселені шешу жолында осындай технологияны жасап шығаруға қол жеткіздік.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне қарағанда Еуропа халқы жыл сайын 600 тонна мидия жейді екен. Яғни тың технология келешекте қолданысқа еніп жатса, мыңдаған тонна ас қалдығын қайта өңдеуге мүмкіндік бермек. 

Дәурен Ақашұлы