Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бас жүлде биыл «Мұңның үшбұрышы» фильміне бұйырды. Ол швед режиссері Рубен Эстлундтың туындысы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оның аталған фестивальдегі екінші жүлдесі. Ал гран-приді «Түс кезіндегі жұлдыздар» мен «Жақын» атты фильмдер иеленді. Бұдан бөлек, бүкіл әлем көз тіккен дүбірлі шарада үздік режиссер, актерлар мен сценаристер де анықталды. Мерейтойлық жүлдені ағайынды Дарденндердің «Тори мен Локита» туындысы алды.