Канадада қару ұстауға мораторий енгізіледі

Канадада қару ұстауға мораторий енгізіледі

Канадада қару ұстауға тиым салынуы мүмкін. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді.

Заң жобасы жуырда талқылаудан өтеді. Құжаттың қабылданатынына үкімет басшысы сенімді. Өйткені бұл қылмыс деңгейін азайтып, қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Бұл шешімге АҚШ-тың Техас штатында мектепте болған қырғын түрткі болды. Ол кезде 21 адам қылмыскердің қолынан қаза тапқан еді. Билік өкілдері кейінгі жылдары елде оқ ату оқиғалары жиілеп бара жатқанына алаңдаулы.