Кореяда сутекпен жүретін көлік көбейіп келеді

Сутегі - сарқылмайтын қуат көзі. Осыны дер кезінде түсінген Корея үкіметі жаһандық жобаны жүзеге асырып жатыр. Онда кәдімгі отынның орнына сутегін пайдалану ұлғайтып келеді.

Ульсан Кореядағы мұнай-химия, автомобиль және кеме жасау өнеркәсібінің орталығы. Әлемдегі барлық кемелердің 12 проценті осында шығарылады және күн сайын жергілікті зауыттардың конвейерінен 5 мыңнан астам көлік шығады. Сондықтан бұл мегаполисте ауа құрамы елдегі ең лас болып саналады. Бұл мәселені шешу үшін 2013 жылдан бастап Ульсанда сутегі энергетикасы игерілді. Зауыттардағы қосымша өнім – Н2 өңделіп, отын ретінде пайдаланыла бастады. Тұрғындарға сутекті көліктерін сатып алу үшін субсидиялар қарастырылған. Сондай-ақ мұндай көліктердің иелері үшін салық төмен. Осы шаралардың арқасында бірнеше жылдың ішінде Ульсанда сутегімен жүретін 2400 жеңіл автокөлік пен 9 автобус пайда болды.

Владислав Цой, тілші:

- Ал бұл сутегінің көмегімен қозғалатын теңіз кемесі.  Ол қуаты 25 кВт тең отынмен және 50 литрлік сегіз сутегі цистернасымен жабдықталған және сағатына 10 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ол қосалқы батареяны пайдаланған  кезде 8 сағат үзіліссіз жұмыс істеуге қауқарлы, экологиялық жағынан таза қайық.

Но Чоль Мин, зерттеу орталығының менеджері:

- Бұл кеме қарапайым қайықтарға қарағанда қауіпсіз, өйткені жанар-жағармайды пайдаланған кезде газдар жиналып, апаттар болды. Сонымен қатар сутекті пайдаланған кезде қайық таза болады және теңіз ластанбайды. Әзірге сутегімен жанар-жағармай құю станциялары жеткіліксіз, бірақ инфрақұрылым дамыған кезде сутегі қайықтарын шығару көбейеді. 

Қайықтарды сутегімен толтыру үшін әлемдегі бірінші теңіз кемелеріне жанармай құю станциясы салынды. Сутегі мұнда мұнай-химия кешенінен ұзындығы екі жарым шақырымға жуық жерасты құбыры арқылы келеді.

Сутегі отынының артықшылығы қозғалтқыш жұмысы кезінде пайда болған суды кемені тазалауға қолдануға болады. Сондай-ақ бұл су стерилизатор мен ионизатор арқылы өтеді, яғни ішуге де жарамды. Бұл кеме ұзақ сапарға шыққанда ыңғайлы. 

Биыл Ульсанда Кореяда алғаш рет сутегі қайығы туристерді тасымалдайды. 2040 жылға дейін барлық қалалық көліктер экологиялық таза отын мен электр энергиясына көшіріледі. Бұл Ульсанды парниктік газсыз қалаға айналдыру жоспарын жүзеге асыруға көмектеседі.

Владислав Цой, Ольга Лян