Парижде Украинада қаза тапқан журналиспен қоштасу рәсімі өтті

Парижде  Украинада қаза тапқан журналиспен қоштасу рәсімі өтті

Парижде Украинада қаза тапқан тілші Фредерик Леклер-Имофпен қоштасуға мыңға жуық журналист пен көрермен жиналды. 32 жастағы телеарна тілшісі гуманитарлық миссияның жұмысынан хабар тарату кезінде көз жұмды. Францияның лаңкестікке қарсы прокуратурасы әскери қылмыс дерегі бойынша тергеу бастады.

Осы елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, журналист Северодонецк қаласы маңында гуманитарлық керуенмен бірге кетіп бара жатқанда ресей күштерінің шабуылына ұшыраған. Украинада соғыс басталғалы осымен сегізінші журналист қаза тапты. «Шекарасыз репортерлер» ұйымы «халықаралық конвенцияға сәйкес журналистерге азаматтық халық өкілдері ретінде шабуыл жасалмауы тиіс. Бірақ олар бұл елде әскери қимылдар барысында қасақана нысанаға алынып отыр,» - дейді.

Кристоф Делуар, «Шекарасыз репортерлер» ұйымының бас хатшысы

 Бұл Украинада өзінің кәсіби міндетін атқарып жүргенде қаза тапқан 8-ші журналист. Осы соғыста журналистер қасақана нысанаға алынып жатыр. Біз қақтығыс басталғалы журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қарсы 50-ге жуық әскери қылмысты тіркедік. Сондықтан Халықаралық сотқа 5 шағым жолдадық.