Нью-Йоркте гүлдер фестивалі ашылды

Нью-Йоркте гүлдер фестивалі ашылды

Нью-Йоркте гүлдер фестивалі ашылып, Манхэттен ауданы түрлі-түспен боялғандай күйге енді.

Салтанатты шараның алғашқы уақытынан бастап көшелердегі әсем безендірулерді көру үшін жүздеген адам жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальде түрлі композицияларды дайындау үшін 1 миллионнан аса гүл қолданылған. Шара 3 күнге созылады. Фестиваль аяқталған соң пайдаланылған гүлдер жергілікті жылыжайларда тыңайтқыш ретінде қолданылмақ.

Майра Бреслин, фестивальді ұйымдастырушы:

- Гүл адамның көңіл күйін көтеріп, ерекше сезімге бөлейді. Сондықтан қазіргі фестивальге келушілер де күнделікті күйбең тірлікті бір сәтке ұмытып, шаттық сезімге бөленеді деп үміттенеміз.