Шри-Ланкада наразылық қайта күшейді

Шри-Ланкада  наразылық қайта күшейді

Шри-Ланкада үкіметке қарсы наразылық шерулері қайта күш алды. Толқуларға бағалардың шарықтап, азық-түлік пен энергоресурстар тапшылығы түрткі болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, мамыр айында азық-түлік бағасы 57 процентке өссе, бензин мен газ құны 3 есе артқан. Тіпті елдің кейбір аудандары жарықсыз отыр. Жалпы Шри-Ланкада толқулар мамыр айында басталды. Себебі коронавирус індетіне байланысты елге келетін туристер саны азайып, экономика құлдырап кетті.