Грузияда көше тамағының фестивалі басталды

Грузияда көше тамағының фестивалі басталды

Тбилисиде көше тамағының фестивалі ұйымдастырылды. Мұнда тағамды далада лезде дайындап береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фестиваль аясында грузин ғана емес, сондай-ақ өзге халықтардың да асы ұсынылды. Биыл бұл іс-шара төртінші рет өтіп отыр. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бір жағынан бұл жас аспаздар үшін тәжірибе жинақтайтын алаң. Ұйымдастырушылар фестиваль жаздың ортасына дейін жалғасатынын айтады. 

Екатерина Миронова, турист:

Өте керемет! Біз Минскіден келдік. Айнала тамаша, бәрі көңілді. Саябақ та жайнап, күн де құлпырып тұр.

Миша Натебашвили, бас аспаз:

Мұндай іс-шаралар ауадай қажет. Әсіресе жұмысын жаңа бастаған аспаздар үшін аса пайдалы. Ал туристерге бір жерден көптеген грузин тағамдарының дәмін татуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны жалғастыру қажет.