Иран консулдығына шабуыл жасалды
Сирияда Иран консулдығы атқыланып, 7 адам көз жұмды. Арасында Иранның жоғары лауазымды әскери қызметкерлері бар.
Жергілікті ақпарат құралдары әуе шабуылын Израиль қарулы күштері ұйымдастырғанын хабарлайды.
Ресми Тегеран мұны лаңкестік әрекет деп атап, міндетті түрде жауап қайтаратынын айтты. Еврей елінің билігі түсініктеме беруден бас тартты.
Израиль әскері көрші Сирия аумағын бұрыннан әуеден атқылап келеді. Әсіресе Газа Секторындағы қарулы қақтығыс басталғалы бұл шабуылдар үдей түскен. Әдетте мұндағы ливандық "Хезболла" тобының нысандары соққыланып жатады.