Әлемде соғыстан қашқан босқын саны артты

Әлемде соғыстан қашқан босқын саны артты

Әлемде соғыс пен зорлық-зомбылықтан өз елінен қашқан босқындардың саны 2021 жылы 8 процентке артты.

Бұл БҰҰ босқындар жөнінде жоғарғы комиссарының мәліметі.

Статистика бойынша шетел асқан босқындардың 4 млн Түркия қабылдады. Уганда, Пәкістан мен Германия елдерінде де  пана тапқан кірмелер көп. Ал Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы биылғы жылдың  көрсеткіші тағы артады дейді мамандар. Қазірдің өзінде олардың қатары 100 млн асып кетті.

Айта кетейік, Еуропа елдерінде табан тіреген украиналық босқындардың саны 4 жарым млн асып кетті.