Германияда ковидке шалдыққандардың қатары артып барады

Германияда ковидке шалдыққандардың қатары артып барады

Өткен аптада бір тәулікте 120 мың адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша күзде Германияда жаппай вакциналаудың жаңа науқаны басталады. Елдің денсаулық сақтау министрі коронавирустың жаңа толқынын алдын алу үшін қысқа дейін кемінде 40 млн адамға вакцина салу керек дейді.

– Еуропа елдерінде санитарлық талаптар жеңілдетілсе де, ара-қашықтықты сақтап, халық көп шоғырланатын жерге бармаған абзал. Өзім осы қағиданы ұстанам. Қоғамдық көлікте бетперде тағу міндетті болмаса да, әзірге маскамды шешпеймін.

Жаңа талапты құп көремін. Өйткені дертке шалдығып, көз жұмған науқастарды көзіммен көрдім. Сондықтан барынша сақ болуға тырысамын. Бетпердемен өзімді қауіпсіз сезінем. Өйткені денсаулық басты орында.