Шри-Ланкада елден заңсыз жолмен кетпек болғандар ұсталды

Шри-Ланкада елден заңсыз жолмен кетпек болғандар ұсталды

Шри-Ланканың әскери-теңіз күштері елден заңсыз жолмен кетпек болған 50-ге жуық азаматты қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұсталғандардың арасында 7 бала бар. Олар Австралия аспақ болған. Осы операцияның аясында құзырлы органдар жүзден астам тұрғынның жолын кескен.

Айта кетейік, қазір Шри-Ланкада өмір сүру қиын, өйткені бұл мемлекет соңғы жылдары терең экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Елдің алтын-валюта қоры да таусылуға шақ тұр. Халық азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жанармай сатып ала алмай, қайыршының күнін кешіп отыр.