Ливияда шерушілер парламент ғимаратын өртеді

Ливияда шерушілер парламент ғимаратын өртеді
bbc.com

Электр жарығын өшіруге және елдегі өмір сүру жағдайының нашарлауына наразылық білдірушілер Ливияның шығысындағы Тобрук қаласында парламент ғимаратын шабуылдап, от қойды.

Мәліметке сәйкес, демонстранттар ғимарат ішіндегі ресми құжаттарды, кабинеттер мен қабылдау залдарын өртеп жіберген. 

Шеру Триполиде де өтті. Наразылық білдірушілер жергілікті билікті таратуды, президенттік және парламенттік сайлау өткізуді, сондай-ақ электр қуатымен туындаған проблемнаы шешуді талап етті.

Libya News Agency