Биыл қажылыққа бір миллиондай адам бармақ – Сауд Арабиясы

Биыл қажылыққа бір миллиондай адам бармақ – Сауд Арабиясы

Бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Мекка қаласында әскери жаттығу өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қажылық қарсаңында қауіпсіздік шараларын пысықтаған шара болды. Жаттығуға әскери көліктер, тікұшақтар, жаяу әскер мен полицияның арнайы бөлімдері қатысты. Екі жылдан аса жалғасқан шектеулерден кейін биыл бір миллиондай адам қажылыққа баратын болды. Мәселен, былтыр қажылыққа келетін халық саны шектеліп, тек вакцина алған 60 мың адам Меккеге жіберілген болатын. Қажылық ислам дінінің бес парызының бірі саналады және әрбір мұсылман өмірінде бір рет болса да, қажылыққа барып қайтуы керек.