Ресми: Қарақалпақстанның «егемен» мәртебесі өзгермейді

Конституциялық реформа жариялаған Өзбекстан ата заңының жаңа нұсқасында алынып тасталады деген Қарақалпақстанның егемендігі мәртебесі өзгермейтін болды.

Төменгі палата депутаттары осындай шешім қабылдады.

Оған сәйкес, Қарақалпақстанның Өзбекстаннан «референдум жолымен» бөлініп шығу құқығы да өзгеріссіз қалады.

Естеріңізде болса, Нөкіс қаласында елдің жаңа Конституцияда ұсынылған мәртебесіне қарсы жаппай наразылық болған еді. Оған мыңдаған адам қатысты. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев деструктивті күштер елдегі жағдайды тұрақсыздандырмақ болғанын мәлімдеді. Сөйтіп 500-ден астам адам ұсталды. Кейін олардың жартысынан астамы босатылды.