Испания жағалау күзеті суға батып бара жатқан қайықтан 39 мигрантты құтқарды

Испания жағалау күзеті суға батып бара жатқан қайықтан 39 мигрантты құтқарды

Оқиға Атлант мұхитындағы Канар аралдарына жақын жерде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келімсектер Сенегалдан 9 күн бұрын шыққан. Бірақ аралдарға жақындағанда ауа райы бұзылып, апатқа ұшыраған. Соңғы жылдары Мароккодан 100 шақырымдай жерде орналасқан Канар аралдары мигранттардың Еуропаға өтетін басты бағытының біріне айналған. Дерекке сүйенсек былтыр  22 мыңнан аса адам ажал құшыпты.