Елорда әуежайында 182 жолаушы Грузияға ұша алмай отыр

Елорда әуежайында 182 жолаушы Грузияға ұша алмай отыр

Елорда әуежайында таңғы сағат 3-тен бері 182 жолаушы Грузияның Кутаиси қаласына ұша алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

FlyArystan қызметкерлері жолдан қалуға мәжбүр болған жолаушыларға рейстің кешігу себебін әлі түсіндірмепті. Олар тіркеуден және кедендік бақылаудан өтіп қойған. Енді күту залында қамалып, одан шыға алмай отырған көрінеді. Жолаушылардың арасында 3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балалар да бар. Рейс 17 сағатқа шегерілді. Ал мекеменің баспасөз қызметі ресми жауапты жұмыс күні ғана бере алатынын мәлімдеді. Ал онлайн таблода ұшу уақыты 17:15-деп көрсетілген.

Жалпы, бүгін аталған әуе компаниясы үш бірдей ішкі бағыттағы сапарын кейінге шегерген.