Коронавирус қарқыны күшейіп барады – ДДСҰ

Коронавирус қарқыны күшейіп барады – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, әлемде кейінгі екі аптада індетті жұқтыру деңгейі шамамен 30 процентке артқан. Әсіресе Еуропада белең алып барады. Мәселен, Германия мен Италияда тәуліктік өсім 130 мыңнан асады. Ал Францияда тіптен бір күн ішінде 200 мыңнан аса адам тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Мамандар вирустың қайта өршуі тез жұғатын омикрон штамының өзгерген жаңа түрлерімен байланысты екенін айтады.  

Майк Райан, ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры:

Коронавирус қайта өршіп барады. Дегенмен жан сақтау бөліміне түсу не көз жұму оқиғалары да артты деуге келмейді. Бұл нені білдіреді? Ол вакциналардың тиімділігі жоғары екенін айғақтайды. Індеттің жаңа толқындары қайталана беруі мүмкін. Сондықтан вируспен күресте ең тиімді құрал бұл екпе салдыру екенін естен шығармау керек.