Колумбияда мектепті лай басып қалды

Колумбияның Тапарто елді мекенінде лай көшкіні жүріп, жергілікті мектепті басып қалды.

Табиғи апаттан 3 бала көз жұмды, үшеуі жарақат алған.

Құтқаршылардың мәліметінше, сел жүрген кезде мектепте 22 оқушы мен мұғалімдер болған. 18 адам, оның ішінде он жеті оқушы мен мұғалімі аман қалған. Ұлттық әскер, полиция мен жергілікті тұрғындар бірлесе құтқару операциясын жүргізіп жатыр.