Сүтқоректі жануарлар азайып барады

Сүтқоректі жануарлар азайып барады

Кейінгі 5 жылда өзге құрлықтармен салыстырғанда сүтқоректілердің ең көп азаюы Австралияда тіркеліп отыр.

Әлемнің бай елдерінің ішінде де жануарлар санының ең жылдам қысқаруы да осы елдің үлесіне тиесілі. Жергілікті үкіметтің дайындаған экологиялық баяндамасында осылай делінген. Сарапшылар бұл климаттың өзгеруінің әсері екенін айтады. Соның салдарынан кейінгі жылдары Австралияда орман өрті мен су тасқыны жиілеп кеткен. Мәселен, 2019-2020 жылдары елдің есін шығарған алапат орман өрті кезінде 5 мыңнан аса коала қырылып қалған. Сөйтіп, ол жойылып бара жатқан жануарлар қатарына енді.