Перуде пиротехникалық зауытта жарылыстан 5 адам қаза тапты

Перуде пиротехникалық зауытта жарылыстан 5 адам қаза тапты

Перуде мерекелік жарылғыш заттар шығаратын фабрикада жарылыс болып, 5 адам көз жұмды.

Бұл кәсіпорын заңсыз жұмыс істеген әрі көп қабатты үйдің астында орналасыпты. Жойқын жарылыс болғанда тұрғындар шырт ұйқыда жатқан.

Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, құрбандар арасында 1 бала бар. Куәгерлер жарылыс соңы алапат өртке ұласып, тұрғындардың бүкіл мүлкі жанып кеткенін айтады. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.