Украина Еуропаға электр энергиясы экспортын ұлғайтады

Украина Еуропаға электр энергиясы экспортын ұлғайтады

Украина Еуроодаққа электр энергиясы экспортын ұлғайтады. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Украина Еуропаны Ресейдің энергетикалық қыспағынан құтқармақ. Осылайша Киев Еуропалық одаққа жеткізілетін ресейлік газдың көп бөлігін ауыстыруға көмектеседі.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Біз Еуроодақ тұтынушыларына электр энергиясы экспортын ұлғайтуға дайындалып жатырмыз. Соғысқа қарамастан өте қысқа мерзім ішінде еліміздің энерго жүйесін Еуропаның бүкіл жүйесіне қоса алдық. Энергия экспорты бізге пайда табуға ғана мүмкіндік беріп қоймайды. Ол батыс елдерінің Ресейдің энергетикалық қыспағына қарсы тұруына көмектеседі.